Жаңалықтар

Қостанай облысында көкөніс алқаптары 8 гектардан 480 гектарға дейін ұлғайды

Қостанай облысында заманауи көкөніс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл саланың көшбасшылары — Б.С. Бекиров атындағы қожалық және Бакир Бекиров басқаратын «Халық Агро KST» ЖШС,- деп хабарлайды newsroom.kz

20 жылдан астам уақыт ішінде шаруашылықтың суармалы көкөніс алқаптары 8 гектардан 480 гектарға дейін ұлғайды. Бүгінде өңделетін жер көлемі 500 гектардан асады.

Дәстүрлі дақылдар — картоп, сәбіз, қырыққабат пен пияздан бөлек, фермер ассортиментті кеңейтіп, өңір үшін сирек саналатын көкөністерді енгізуге басымдық беруде:

• Брокколи (3 га, 12 т/га);

• Гүлді қырыққабат (3 га, 25 т/га);

• Қытай қырыққабаты (12 га, 15–18 т/га)

• Қызыл қырыққабат (1 га, 40 т/га);

• Дайкон шалқаны (1 га, 20 т/га);

Сондай-ақ қарбыз, асқабақ және басқа дақылдар табысты өсірілуде.

Айта кетелік, құны 286,6 млн теңге болатын жаңа инвестициялық жоба аясында 236 гектар алқапта суармалы егіншілікті дамыту жоспарланған.