Бишімбаевтың інісі рақымшылықпен бостандыққа шықты
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі, жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін Қуандық Бишімбаевтың інісі, 4 жылға сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын босатылды. Ол ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық аясында түрмеден шыққан.
Ақмола облысы Степногорск қалалық сотының мәліметінше, Байжановқа қатысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жазаны қысқарту туралы ұсыныс енгізген. Сот бұл өтінішті қанағаттандырды.
Заңға сәйкес, ауыр қылмыс жасағандар барлық шығынды өтеген жағдайда жазаның өтелмеген бөлігінің үштен бірі қысқартылады. Байжанов сот белгілеген төлемдерді толық өтеген. Соның негізінде оның жаза мерзімі қысқартылып, түпкілікті өтеу уақыты 1 жыл 4 ай 17 күн болып бекітілді.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған. Ал оның туыс інісі Бақытжан Байжанов бөлек іс бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.