Жаңалықтар

Қазақ мұнайын Еуропаға таситын “Дружба” құбырына шабуыл жасалды

Ресей мен Беларусь шекарасында «Дружба» мұнай құбырына Украина күші шабуыл жасады. Бұл туралы Венгрия СІМ басшысы Петер Сийярто өзінің Facebook парақшасында айтты.

Бұл бағыт арқылы Қазақстан Германияға аз көлемде мұнай экспорттайды (2024 жылы шамамен 1,3 млн тонна, 2025 жылға жоспар – 2,5 млн тоннаға дейін), сондай-ақ Венгрияға сынақтық жеткізілімдер жоспарланған еді.

Беларусьте мұнай құбырының бірнеше тармағы бар. Қазақстан экспорты жүретін учаске зардап шеккен-шекпегені хабарламадан белгісіз.

Бұған дейін Венгрия СІМ басшысы 18 тамызда Украина тарапынан жасалған соққыдан кейін «Дружба» арқылы мұнай тасымалдаудың тоқтағанын хабарлаған еді.