Жаңалықтар

1 қазанға дейін аяқталуы тиіс: Сәтбаев қаласының көшелерінде құрылыс басталды

Сәтбаев қаласының Ұлытау және Шаталюк көшелерінің қиылысында қосымша бұрылыс құрылысы басталды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жоба мақсаты – көлік қозғалысын оңтайландыру. Қосымша бұрылыс Ұлытау көшесіндегі көлік жүктемесін азайтып, жүргізушілердің жолға жұмсалатын уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Жобаны «Бектан» ЖШС жүзеге асыруда.

Айта кетелік, мердігермен жасалған келісімшарт бойынша жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталуы тиіс. Дегенмен, фактілік аяқталу осы аптаның соңына жоспарланып отыр.