Абайдағы 6 баланы қаққан жүргізушіге не болған?
19 тамыз күні Бестерек ауылында жол апаты болды. Toyota тізгіндеген 55 жастағы жүргізуші үй қақпасының жанында тұрған балаларды қағып кетті. Үшеуі көз жұмды, тағы үшеуі ауыр халде жатыр. Жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы әкесінің жүрек талмасы ұстап қалуы мүмкін екенін айтты.
20 тамызда «Сот кабинеті» порталында Серік Төкенұлы Ансабаевқа қатысты іс материалдары жарияланды. Бұл адам дәл сол апатқа себепкер болған жүргізуші ме, әлде аты-жөні ұқсас басқа азамат па — әзірге нақты емес.
Сот құжаттарында мыналар көрсетілген:
- 2013 жылдан бері аталған азамат «эпилепсия» диагнозымен есепте тұр;
- 2020 жылы ол шектеуге қарамастан жүргізуші куәлігін алған;
- сот оның жүргізуші куәлігін дереу жарамсыз деп тануды ұйғарған.
Денсаулық сақтау министрлігінің тәртібі бойынша, эпилепсия — көлік басқаруға абсолютті қарсы көрсетілім.
Қазір апатқа байланысты тергеу жалғасып жатыр.
Бұл оқиға туралы мына жерден оқыңыз.