PR.news

Brand Analytics Conference Kazakhstan: Әлеуметтік медиа трендтері

17 қыркүйекте Алматыда InterContinental қонақ үйінде әлеуметтік медиа талдауына арналған Орталық Азиядағы ең ірі оқиға — Brand Analytics Conference Kazakhstan конференциясы өтеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда өтетін аталмыш конференцияда не талқыланады?

Елде өтетін екінші BAconf және ол одан да ауқымды болатыны болжануда: брендтер, агенттіктер, зерттеу компаниялары, цифрлық платформалар және аналитикалық шешімдерді әзірлеушілер коммуникация саласындағы негізгі трендтерді және аудиториямен жұмыс істеудегі аналитиканың рөлін талқылайды.

Іс-шара басшылар мен топ-менеджерлер, PR және маркетинг топтары, клиенттермен жұмыс жасайтын мамандар — брендтерді басқаратын және олардың беделіне жауап беретін барлық адамдар үшін жиын нүктесі болады.

Василий Черный, Brand Analytics стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры, Brand Analytics Conference Kazakhstan спикері:

"Бұл нарық үшін бірегей тәуелсіз зерттеу, ол негізгі цифрлық платформалар арасындағы нақты "күштердің орналасуын" көрсетеді және ұзақ мерзімді коммуникациялық стратегияларды, сондай-ақ жарнамалық және алға жылжыту науқандарының тактикалық медиа жоспарларын қалыптастырудың бастапқы нүктесі ретінде қызмет етеді. Бұл зерттеудің ерекшелігі платформалардың әрқайсысында қазақ және орыс тілдерінің қалай қолданылатыны туралы деректер болып табылады. Бұл өте маңызды, өйткені қазақ тіліндегі медиа өріс орыс тіліндегіден мүлдем өзге "тіршілік етеді". Зерттеудің екінші ерекшелігі – әлеуметтік желілердегі пайдаланушылардың оған назар аудару көрсеткіші бойынша БАҚ рейтингі. Бұл рейтинг медиа жоспарлаудың өте пайдалы құралы болып табылады, өйткені ол аудиторияның нақты мүдделеріне негізделген".

Қазақстандық және ресейлік компаниялардың кейстері

Әлеуметтік медиа мен пайдалы аналитиканы қолданудың практикалық мысалдарын Tele2, TSPM, Click, AMS, Сидорин Лаб, RQ/AMDG, ITCOMMS және басқалары ұсынады.

Сахнада кімдер болады? 

Ирина Илчовска (Tele2), Надежда Рязанцева (TSPM),  Нилюфар Эрматова  (Click), Майра Салыкова, Артык Кузьмин (Media System Group), Екатерина Архангельская (RQ/AMDG), Наталия Кладова (Сидорин Лаб), Шахзод Мухтаров (Index), Марина Черномазова, Василий Черный, Наталья Веселкина  (Brand Analytics).

Айта кетелік, Brand Analytics Conference Kazakhstan 2025 — бұл идеялар зертханасы. Егер қалып қойсаңыз, қатысқандарды қуып жетуге тура келеді. Табысты коммуникациялардың болашағына кіру есігі мына жерде: https://baconf.kz/