Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет: лауазымды полицей пара алды деген күдікпен ұстады

20 тамызда Шымкентте Тұран аудандық полиция басқармасының бастығы мен оның орынбасары — жедел бөлім қызметкері ұсталды. Олар қылмыстық істі қайта дәрежелеу үшін пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы заңгер Талғат Есімов мәлімдеді.

Қазір істі Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі («Пара алу») бойынша Антикор тергеп жатыр.

«Шымкент тарихында аудандық полиция басқармасының бастығы тұңғыш рет осындай айыппен ұсталып отыр. Бұл жаңа ҰҚК-не қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мүлде басқа деңгейде жұмыс істей бастағанын білдіреді. Сондықтан нәтижелері де айтарлықтай болады», — деді Талғат Есімов.

Ресми органдардан әзірге түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Антикорды таратқан болатын. Оның орнына ҰҚК құрамында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды. Жаңа құрылымның нәтижесі жақын арада белгілі болмақ.