Жаңалықтар

Контент үшін қызды шошытқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Астанада полиция қызметкерлері 26 жастағы тұрғынды пранк жасағаны үшін ұстады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада ол қорқынышты кейіптегі костюм киіп, лифттің бұзылғанын әдейі инсценировка жасап, қызды әдейі шошытқан.

Сот жігітті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке қамауға алды.

Полиция мұндай «әзілдердің» психологиялық зиян келтіруі мүмкін екенін және қауіпсіздікке қатер төндіретінін ескертті.