19 тамызға арналған ауа райы болжамы: солтүстік пен шығыста жауын-шашын күтіледі
"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, сейсенбі күні еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ батыстың кей өңірінде жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аймақтарда жаңбыр қарқыны күшейеді.
Астанада бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Жел 9-14 м/с. Түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C.
Алматыда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.
Шымкентте де жауын-шашынсыз, түнде +16...+18°C, күндіз +32…+34°C.
Ақтауда бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +28...+30°C.
Ақтөбеде түнде +12...+14°C, күндіз +27…+29°C, жауын күтілмейді.
Атырауда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 15-18 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +31…+33°C.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.
Қарағандыда бұлт аралас, жаңбырсыз. Түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.
Көкшетауда жауын-шашынсыз, түнде +12...+14°C, күндіз +25…+27°C.
Қонаевта жаңбыр күтілмейді, түнде +16…+18°C, күндіз +28...+30°C.
Қостанайда бұлт аралас, түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C, жауынсыз.
Қызылордада күн ашық, жауын жоқ. Түнде +16...+18°C, күндіз +33…+35°C.
Павлодарда жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +24...+26°C.
Петропавлда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C.
Семейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.
Талдықорғанда түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C, жауын-шашынсыз.
Таразда ауа райы ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +13...+15°C, күндіз +30…+32°C.
Түркістанда жауын жоқ. Түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +17...+19°C, күндіз +23...+25°C.
Өскеменде жаңбыр, найзағай, кей жерде бұршақ болуы ықтимал. Түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.