Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қытайлық компанияға Қазақстан нарығындағы заңсыз әрекеті үшін миллиондық айыппұл салынды

Ақтөбеде сот «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл тағайындады. Компанияның негізгі акционері – Қытайдың CNPC корпорациясы. Тергеу қорытындысына сәйкес, компания серіктестеріне тиімсіз шарттарды күшпен таңған.

Қытайлық компанияға Қазақстан нарығындағы заңсыз әрекеті үшін миллиондық айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөз

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» сұйытылған газ нарығындағы үстем жағдайын теріс пайдаланған.

Атап айтқанда, компания төлем мерзімін бес күннің орнына үш жұмыс күніне қысқартып, талап орындалмаса, жеткізуді тоқтатып отырған. Бұған қоса, газ тасымалдайтын автоцистерналарды тек 85%-ға дейін ғана толтыруды міндеттеп, логистикаға кедергі келтірген.

«Техникалық мүмкіндігі бола тұра, компания автотасымал арқылы жеткізілетін сұйытылған газ өндірісін негізсіз шектеген. Бұл – нарықтағы өзге қатысушылардың құқығын бұзу», – деп хабарлады агенттік.

Сот шешімімен компания 36,7 млн теңге айыппұл төледі. Сонымен қатар, тәуліктік өндіріс көлемін 114 тоннаға дейін арттыру міндеттелді. Тамыз айында компания автоцистерналар арқылы 3,5 мың тоннадан астам газ жөнелткен.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату