weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Путин соғысты тоқтату шартын ұсынды, Украина үзілді-кесілді қарсы

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-та Дональд Трамппен Аляскада өткен кездесуде Украинадағы соғысты аяқтауға арналған бейбіт келісімнің алғашқы нобайын ұсынған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Путин соғысты тоқтату шартын ұсынды, Украина үзілді-кесілді қарсы

Агенттік дерегіне сүйенсек, Мәскеу белгілі бір аймақтардан әскерін әкетуге дайын екенін білдірген. Бірақ сонымен бірге Донбасс пен Киев бақылауынан тыс қалған өңірлерді Ресейге беруді талап етіп отыр. Сондай-ақ Херсон мен Запорожье бағытында атысты уақытша тоқтату ұсынылған.

Алайда Украина бұл шарттарды бірден жоққа шығарды. Президент Владимир Зеленский Конституцияға сәйкес ел аумағынан бас тартуға болмайтынын мәлімдеді.

Еуропалық одақ басшылары да Киевтің қатысуынсыз ешқандай келісімнің заңды күшіне ие болмайтынын қадап көрсетті.