Жаңалықтар

Тоқаев Путинді АҚШ-пен өткен келіссөздің нәтижесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы әріптесін АҚШ президенті Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесудің қорытындысымен құттықтады. Тоқаевтың пікірінше, бұл келіссөздер Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымын америкалық тараптың жақсырақ түсінуіне ықпал етіп, күрделі мәселені шешуде ортақ тіл табуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президенті Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық беделін арттырып, әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайтуға сеп болған маңызды оқиға деп бағалады. Ол сапардың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтіп, қазіргі күрделі жағдайда мұның саяси мәні зор екенін жеткізді.

Путин өз кезегінде Тоқаевқа келіссөздің кейбір нақты тұстарын баяндады. Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді.