Жаңалықтар

Қытайда болған су тасқыны: 8 адам қаза болып, 4 адам жоғалды

Қытайдың солтүстігінде орналасқан Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы кемпинг аумағында сенбі кешкісін болған кенеттен су тасқыны салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кетті,- деп хабарлайды newsroom.kz

ҚКП-ның Баян-Нур қаласына қарасты Урад-Хоуци хошуны комитетінің насихат бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апат сенбі күні шамамен сағат 22:00-де Урад-Хоуци хошуны аумағындағы өзеннің жоғарғы жағында орын алған. Соның салдарынан жабайы табиғатта лагерь құрған 13 туристпен байланыс үзілген.

Жексенбі таңғы сағат 10-ға қарай бір адам құтқарылды, сегіз адамның қаза тапқаны расталды, ал тағы төртеуі әлі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қазіргі уақытта жоғалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.