Әлем

Сұмдық! Түркияда орман өрті өршіп тұр

Түркияда орман өрттері әлі де қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда өрт Чанаккале, Диярбакыр, Коджаэли және Адыяман провинцияларында өршіп тұр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Елдің батысындағы Чанаккале, Эдирне, Маниса және оңтүстік-шығыстағы Хатай провинцияларындағы ірі ошақтар бақылауға алынды. Бұл туралы ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы мәлімдеді.

Ең күрделі жағдай Чанаккаленің Эзине ауданында тіркелді: бірнеше елді мекеннен 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Белсенді сатысында билік Дарданелл бұғазындағы кеме қозғалысын уақытша тоқтатып, Чанаккале әуежайын жапқан еді. Кейін жағдай тұрақталған соң бұл шектеулер алынды.

Өртті сөндіруге орман қызметкерлері, өрт сөндірушілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.