Жаңалықтар

Қазақстан АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуін құптады

Қазақстан Анкориджде өткен Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуін Украина мәселесі бойынша ең жоғары деңгейде басталған келіссөздердің алғышарты ретінде қабылдады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи мәнге ие саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің, заманауи өзекті түйткілдерді, соның ішінде Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуды шешуге ортақ ұстаным табуға деген шынайы ниетінің арқасында мүмкін болды деп санайды», – делінген Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарламасында.