Жаңалықтар

SILK WAY STAR халықаралық байқауы: Қазақстан атынан әнші Alem өнер көрсетеді

Жуырда Астанада басталатын SILK WAY STAR халықаралық вокалдық байқауында Қазақстан намысын әнші ALEM (Мәлік Батырхан) қорғайтын болды. Бұл туралы айтулы өнер додасына қатысты өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.

— Бұл үлкен жауапкершілік. Мен жалпы байқауларға қатыспағалы көп болды және сахнада топпен өнер көрсетіп жүргеннен кейін байқауға қатысуды да ұмытып қалыппын. Сондықтанда ұсыныс түскенде, әрине, қаншалықты бұл жобада өзімді көрсете аламын деп көп ойландым. Бірақ қуана-қуана қабыл алдым, өйткені бұл мен үшін көк Туымызды әлемдік аренада желбірету үлкен мәртебе. Осы мүмкіндік үшін көп-көп рахмет! Мен барымды салып, жеңіске жетуге тырысамын, — деді жас әнші.

Сондай-ақ ол жобада әр эпизодта тақырып өзгеріп отыратынын және байқау талабына сай ол мәліметтерді ашып айта алмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, байқаудың түсірілімі 20 тамызда басталады. Ал финалдық сайыс 22 қарашада «Jibek joly/Silk Way» телеарнасында және байқауға қатысушы елдердің бас телеарналарында көрсетіледі.