Ақтөбеде таксист 11 айда 250 рет жол ережесін бұзған
Ақтөбе облысының полицейлері жыл басынан бері 250-ден астам жол ережесін бұзған таксисті ұстады.
Рекордтық көрсеткішке ол бір күнде жеткен — Ақтөбеде жылдамдықты 12 рет асырған. Таксист тек қала ішінде ғана емес, Ақтөбеден Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласына халықаралық рейстер де жасап жүрген.
Инспекторлар оны Қарғалы ауданында ұстады. Белгілі болғандай, жүргізуші — шетел азаматы. Автокөлік айыптұраққа қойылды, қазір оған қатысты тексеріс жүргізілуде.