Оралда қоқыс жәшігінен шақалақтың денесі табылды
Орал қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Бұл деректі БҚО полиция департаменті растады.
Куәгерлердің айтуынша, сәби бүгін таңертең Зачаган кентіндегі Бірлік көшесінде орналасқан көпқабатты үй ауласындағы қоқыс жәшігінен табылған.
— Қазір баланың анасын анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — делінген полицияның ресми хабарламасында.