1000 теңгелік монета: Конституцияның 30 жылдығына орай екі түрлі монета шығарылды
Қазақстан Ұлттық банкі «Тарихи оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға енгізді.
Монетаның бетінде ашық кітап бейнеленген, ол – Конституцияны білдіреді. Оның үстінде Қазақстан картасының сұлбасы фонында «30» саны орналасқан. Картаның ортасында шаңырақ бейнеленіп, күннің символын көрсетеді. Ерекшелігі – «30» саны алтын жалатылған.
Монеталар екі нұсқада шықты:
Күміс (925 сынама) – алтын жалатылған, массасы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм, номиналы 1 000 теңге, таралымы 1 000 дана;
Нибрасс/нейзильбер қорытпасы – массасы 6,45 г, диаметрі 24,5 мм, номиналы 100 теңге, таралымы 5 млн дана.
Ұлттық банк мәліметінше, барлық монеталар Қазақстан аумағында өз номиналы бойынша төлемге қабылдануға міндетті.