Дерекөз мәліметінше, ол бөтеннің мүлкін иемденді деген күдікке ілінген. Тергеуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.
Абдешов бұл қызметке биыл ақпанда, қала әкімінің орынбасары болып Руслан Берденов тағайындалған уақытта келген. Ұсталу оқиғасы Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот процесімен тұспа-тұс келді. Аталған қылмыстық істе айыпталушы – «Тұрғын үй Шымкент» атты әкімдік компаниясының директоры Ернар Жиембай. Қазір бұл компанияда аудит жүріп жатыр.
Бұған дейін сотта құрылыс басқармасының қызметкері Берденовтің бірнеше рет жиналыс өткізіп, Антикор мен Экономикалық тергеу департаменті тарапынан тексеру болатынын ескерткенін айтқан. Алайда бұл оқиғалардың өзара байланысы ресми расталған жоқ.