Мысырда болған жол апаты: Ресей мен Қырғызстаннан келген туристер зардап шекті
Мысырдың Оңтүстік Синай провинциясында болған автобус апатынан 39 туристі қоса алғанда, 43 адам жарақат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Автобуста Ресейден келген туристер болған. Бұл туралы жергілікті әкімшілік хабарлады.
Айта кетейік, зардап шеккен 43 адамның 39-ы – Ресей, Қырғызстан және Украинадан келген туристер.
“Оқиға салдарынан бір ресейлік әйел көз жұмды, 42 адам жарақат алды. Олардың ішінде 39 шетелдік – Ресей, Украина және Қырғызстан азаматтары”, – делінген жергілікті билік таратқан мәлімдемеде.
Сонымен қатар үш мысырлық – жүргізуші, гид және туристік топқа еріп жүрген күзетші де зардап шекті.
Апат Шарм-эль-Шейхтен Каирге бара жатқан жолда болған. Ішінде 44 адам отырған туристік автобус жол қоршауына соғылып, бүйіріне аударылған.