Жаңалықтар

Түркиядағы өрт: Көмірқышқыл газынан уланғандар саны 100-ге жуық

Түркияның солтүстік-батысындағы орман өртінен 139 адам зардап шекті. Көбісі көміртегі тотығынан уланған. Төртеуі ауруханаға жатқызылды. Табиғи апат бірнеше елді мекенді қиратты. Екі мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қатты жел мен аптап ыстықтан өрт Чанаккале провинциясына тарады. Жалын ауылшаруашылық алқаптарын, ормандарды және тұрғын үйлерді шарпыған. Өртті сөндіруге 1500-ден астам өрт сөндіруші мен 500 бірлік техника жұмылдырылды. Олар 16 тікұшақтың көмегімен жалынды ауадан сөндіруге тырысуда. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау жұмыстары жүргізілді. Манисада өрт салдарынан тұтас бір ауыл эвакуацияланды.

Измирде өрт тұрғын үйлерге жеткенше сөндірілді. Табиғи апат салдарынан бірнеше ауыл жарық пен газдан айырылды. Өрт үшінші дәрежелі деп танылып, республикалық маңызы бар төтенше жағдай деп аталды. Билік ескертеді: аптап ыстық пен құрғақшылық жағдайында өрттің қайталану қаупі өте жоғары болып қалады.