Жаңалықтар

Елімізде бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 14 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Астанада бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.

Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура +21…+23°C, күндіз аптап +35…+37°C.

Шымкентте жауын-шашынсыз, ауа райы негізінен ашық болады. Түнде +20...+22°C, күндіз +35…+37°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +25...+27°C.

Ақтөбеде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі ауа температурасы +13...+15°C, күндіз +22…+24°C.

Атырауда жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +27…+29°C.

Жезқазғанда бұлтты, жаңбыр мен найзағай. Түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.

Қарағандыда жаңбыр, найзағай, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін. Түнде +14...+16°C, күндіз +24...+26°C.

Көкшетауда жаңбырлы ауа райы. Түнде +13...+15°C, күндіз +20…+22°C.

Қонаевта бұлтты, жаңбыр, найзағай. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Қостанайда жаңбыр, найзағай. Түнде +12...+14°C, күндіз +19…+21°C.

Қызылордада жауын-шашынсыз, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +20...+22°C, күндіз +30…+32°C.

Павлодарда жаңбыр, найзағай. Түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +12...+14°C, күндіз +20…+22°C.

Семейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.

Талдықорғанда ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +33…+35°C.

Таразда жауын-шашынсыз. Түнде +17...+19°C, күндіз +31…+33°C.

Түркістанда да күн ашық болады. Түнде +19...+21°C, күндіз +36...+38°C.

Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +13...+15°C, күндіз +22…+24°C.

Өскеменде жаңбыр, найзағай. Түнде +10...+12°C, күндіз +26…+28°C.