PR.news

Шымкентте болған екі ер адамның төбелесіне қатысты ПД пікір білдірді

Шымкенттегі медициналық мекемелердің бірінің қабылдау бөлімінде екі ер адамның арасында дау туындап, ол төбелеске ұласты. Полиция оқиға орнына жедел жеткенімен, мекемеде жағдай біраз уақыт тұрақталмады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қақтығыс кезінде бір азамат екіншісіне соққы беріп, оның бас сүйек-ми жарақатын алуына себеп болған. Жарақат алған адамға дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетті.

Куәгерлердің сөзінше, алғашқы соққыдан кейін айыпталушы ашуын баса алмай, полиция қызметкеріне де қоқан-лоқы көрсеткен.

Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.