Алматыда қыздың үстіне ағаш құлап көз жұмды
Алматыда жаяу жүргіншілер жолымен кетіп бара жатқан қыздың үстіне ағаш құлап, қайғылы жағдай болды.
Оқиға Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Желіде тараған мәліметке сүйенсек, қыз жұмыстан кофе алуға шығып, қайта оралып келе жатқанда ағаш құлаған. Ол алған ауыр жарақатынан сол жерде қаза тапқан.
Алматы қалалық полиция департаменті деректі растады.
— Аталған факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген полиция хабарламасында.