Қазақстанда нақты жалақы өсімі 9 жылда алғаш рет тоқтады
2024 жылдың II тоқсанында (шағын кәсіпкерліктегі жұмысшыларды қоспағанда) бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 448,6 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды түрде 11,3%-ға жоғары. Алайда инфляцияны ескергенде нақты жалақыда өсім тіркелмеді. Бұған дейін қатарынан сегіз тоқсан бойы нақты жалақы өсіп келген еді.
Статистика бойынша, нақты жалақы өсімінің тоқтауы 2015 жылдан бері алғаш рет орын алды. Әдетте бұл көрсеткіш жыл сайын артып отырған. Соңғы 7,5 жылда төмендеу тек екі рет тіркелген, соңғысы – 2023 жылдың I тоқсанында (-0,6%).
Ағымдағы жылы сәуір–маусым айларында нақты жалақы өсімі тоқтап, сегіз тоқсандық тұрақты өсім кезеңі үзілді. Айта кетерлігі, бұл аралықтағы өсім қарқыны да жоғары болмаған — орта есеппен +2,5%.
Сала бойынша алсақ, көрсеткішті ең қатты төмендеткен – құрылыс саласы: мұнда нақты жалақы бір жылда 10,8%-ға азайып, 490,2 мың теңгеге түсті. Сондай-ақ инфляцияны ескергенде жалақы тағы алты салада қысқарған, соның ішінде білім беру мен денсаулық сақтау салаларында – 3,1%-ға (тиісінше 373,8 мың және 339,6 мың теңге).