Жаңалықтар

Өскеменде салмағы 6 келі қыз бала дүниеге келді

Өскеменде әйел салмағы 6 келіден асатын сәбиді өмірге әкелді. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Босану Өскемендегі Ана мен бала орталығында өтті.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қыздың салмағы — 6045 грамм. Дәрігерлер мұны ерекше оқиға деп бағалап отыр.

— Мұндай салмақтағы нәрестелер өте аз туады. Бұл тек ата-анасы үшін ғана емес, бүкіл медицина ұжымы үшін үлкен қуаныш болды, — дейді орталық мамандары.

Абырой болғанда, босану сәтті өтіп, ана мен бала аман-есен. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Әзірге сәбиінің аты қойылмаған.

— Өте бақыттымыз. Денсаулығымыз жақсы. Ана мен бала орталығының қызметкерлеріне шексіз алғыс айтамын, — дейді жас ана.