АҚШ-та 192 жолаушысы бар ұшақ басқа ұшақпен соқтығысты
Delta Air Lines әуе компаниясының ұшағы АҚШ-тағы Атланта әуежайынан ұшып шығу кезінде басқа бір әуе лайнеріне соғылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Басылымның дерегінше, ұшақтың қанаты бос тұрған әуе кемесіне тиіп кеткен. FlightAware қызметінің мәліметінше, әуе борты Атлантадан Гватемалаға ұшуы керек болған.
Оқиғадан кейін жолаушыларды басқа ұшаққа отырғызды. Оқиға болған сәтте бортта екі ұшқыш пен төрт стюардессаны қоса алғанда 198 адам болған. Әуе компаниясының баспасөз қызметі зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін атап өтті.