Жаңалықтар

Алматыда жол апатынан бала қаза тапты

Алматының Наурызбай ауданында сағат 13:30 шамасында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.

Полиция мәліметінше, шығыс бағытта Хегай көшесімен келе жатқан Range Rover жүргізушісі жол үстінде жүрген баланы қағып кеткен. Салдарынан 2013 жылы туған ұл оқиға орнында көз жұмды.

Адам өліміне әкеп соққан бұл жол апатына байланысты Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындалды.