Жоғалған тікұшақ сынықтары мен бір адамның мәйіті табылды
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, спутниктік деректер арқылы математикалық есептеулер жүргізіліп, тікұшақ болуы мүмкін шамамен аудан анықталған.
Сол аумаққа іздеу топтары мен арнайы техника жіберілді. Су астындағы жұмыстар кезінде шамамен 14 метр тереңдіктен әуе кемесінің бөлшектері мен мәйіт табылды. Қазір марқұмның жеке басын анықтау жүргізілуде.
Іздеу жұмыстары су астындағы нашар көріну мен лайлы шөгінділерге байланысты баяу жүруде, бұл сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай қиындатып отыр.
Аталған әскери тікұшақ апатының толвқ мән-жайы туралы төмендегі сілтемелерден оқи аласыз:
Бұған дейін, әскери тікұшақтың жоғалғанын, екі экипаждың мәйіті табылғанын және екі аптадан бері бір экипаж мүшесі мен тікұшақтың сынықтары әлі табылмай жатқанын хабарлаған болатынбыз.