Жаңалықтар

Газа секторынан 6 қазақстандық эвакуацияланды

Алты қазақстандық Газа сектррынан аман-есен елге оралды.

 

«Қазақстан азаматтары шекара бақылау-өткізу пункттері арқылы сәтті өткізілді. Одан кейін олар Аммандағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізіліп, отанына ұшып кетті», – деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Министрлік Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Қызыл Кресттің халықаралық комитетіне қазақстандықтардың қауіпсіз шығуына көрсеткен көмегі мен ықпалдастығы үшін алғыс білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның Амман мен Тель-Авивтегі елшіліктері аймақтағы жағдайды мұқият бақылап отыр және Газа секторында әрі жалпы Палестина аумағында жүрген қазақстандықтармен тұрақты байланыста.