Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыда 10 тамыз күні Абайдың 180 жылдығына орай бірнеше көше жабылады

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Алматыда 10 тамыз күні Абайдың 180 жылдығына орай бірнеше көше жабылады
Фото: ашық дереккөз

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматыда көлік қозғалысы мына көшелерде уақытша шектеледі:

  • Абай даңғылы бойымен — Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
  • Достық даңғылы бойымен — Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі.

- Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады. Уақытша қозғалыс өзгерістерін ескеріп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.


Айта кетейік, 10 тамыз күні Джей Ло концертіне орай сағат 16:00-ден бастап бірнеше көше де жабылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату