Жаңалықтар

Путин мен Тоқаев Ресей президентінің Уиткоффпен әңгімесін талқылады

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, «Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық және стратегиялық әріптестік рухында, АҚШ-пен „украин дағдарысын“ реттеу жөніндегі диалог барысын баяндау үшін» сөйлесті.

Әңгіме барысында олар Путиннің АҚШ арнайы өкілі Стив Уиткоффпен жуырдағы кездесуін сөз етті. Еске салсақ, Ресей басшысының америкалық өкілмен жүздесуі «сигналдар алмасуға» және «конструктивті диалогқа» ұласқан еді.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Путин және Зеленскиймен жеке кездескісі келетінін мәлімдеді. Араға көп салмай, Путиннің де бұл ниеті барын көмекшісі Юрий Ушаков жеткізді. Келіссөз өткізу алаңы ретінде БАӘ аумағы аталды.

Кремльдің хабарлауынша, Тоқаев қарулы қақтығысты реттеуге бағытталған қадамдарды құптады.