Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Қазақ эстрада өнерінің белді әншісі Жазира Байырбекова өзіңе әріптесімен құдағи болуды ойлап жүрген сыңайлы, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жайлы әнші өзінің Instagram парақшасында интригаға толы жазбасымен хабарлады. Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққан Алтынай Жорабаеваның қызын келін етуді ойлап жүрген көрінеді.
Алтынайдың үлкен қызы Аяулыммен түскен суретін жүктеп, астына "Алтынай, қызың өзің сияқты пысық па?!" - деп жазған.
Ал желі қолданушылары Жазираны қолдап "Сіздің ұлыңызға қатты ұқсайды екен қызы" десе, бірі "Өте керемет жұп құдағи", "Екі жас бақытты болсын, екі құдағи сырлас болсын" деген сынды пікірлер жазды.