Алматыдағы Джей Ло концерті: 10 тамызда қай көшелер жабылады
Осы жексенбіде оңтүстік астанада әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің ауқымды концерті өтеді.
Қалалық полицияның хабарлауынша, шоуға байланысты бірқатар жол бөлігі көлік қозғалысына жабылады.
10 тамыз күні сағат 16:00-дан бастап жүргізушілерге мына учаскелерде жүруге тыйым салынады:
🔹 Байтұрсынұлы көшесі – Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
🔹 Сәтбаев көшесі – Сейфуллин даңғылынан Бәйзақов көшесіне дейін;
🔹 Абай даңғылы – Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.