Алакөлде жасөспірім адамдардың көз алдында суға батып кетті
17 жастағы жасөспірім шомылуға арналмаған жерде катерден суға секірген, үстінде құтқару желеті болмаған. Қасындағы адамдар көмек көрсетуге тырысқанымен, аман алып қала алмаған.
Оқиға орынынан видео жарияланды.
Абай облысының полиция департаменті катер иесіне қатысты ҚК 306-бабы (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету салдарынан адам өліміне әкелу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.