Қазақстан азаматы Тбилисиде қаза болды
Шыңғыс Мусадилов 3 тамызға қараған түні жоғалып, кеше 6 тамыз өлі күйінде табылды. Ол Грузияда жұмыс істеген. Сол күні достарымен клубқа барған, содан кейін оны ешкім көрмеген.
Содан бері ол байланысқа шықпаған, үйіне де, жұмысына да бармаған. Туыстары полицияға арыз жазып, өздері де іздеуге кіріскен.
Мүрдесі клубтың қарсы бетінде, жолдың ар жағындағы жарқабақтан табылған.Туыстары Тбилисиге ұшып кеткен.
ҚР Сыртқы істер министрлігі әзірге түсініктеме берген жоқ.