Аймақтар

Атыраулық қария сегіз баласы мен немересінен алимент өндіріп алды

Атырауда 80 жастағы зейнеткер өз балаларынан және бір немересінен алимент өндіру үшін сотқа жүгінді. Айтуынша, соңғы он жылдан бері жалғыз тұрады. Көмекті тек бір баласынан ғана алып келген, қалғандары қаржылай да, рухани да қолдау көрсетпеген.

Сот Қазақстанның Отбасы кодексіндегі еңбекке қабілетті балалардың ата-анасына қамқор болуға міндеттілігі (145-бап), сондай-ақ балалар әрекетсіз болған жағдайда немерелерден де алимент өндіруге болатындығы (153-бап) жайлы нормаларды негізге алды.

Нәтижесінде қалалық сот шешімімен сегіз баласы және бір немересі — барлығы тоғыз адам қарияны асырауға міндеттелді. Олардың әрқайсысынан ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш (МРП) мөлшерінде — яғни 2025 жылғы есеппен 11 796 теңге — ұсталады.

Әке қамын ұмытқандардың есіне сот түсірді.