Әлем

Америкалық актер Брэд Питтің анасы қайтыс болды

АҚШ-тың танымал актері әрі продюсері Брэд Питтің анасы Джейн 6 тамыз, сәрсенбі күні 84 жасында өмірден өтті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Актердің өзі бұл оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартқан.

Басылымның мәліметінше, Джейн мамандығы бойынша мектеп психологы болған. Оның артында үш баласы — Брэд, оның ағасы мен әпкесі, сондай-ақ 14 немересі қалды. Джейн көпшілік назарын ұнатпаған, бірақ әйгілі ұлымен қызыл кілемде бірнеше рет бой көрсеткен.