Жаңалықтар

Жоғалған тікұшақ пен экипаж әлі табылмады: Сорбұлақтың жартысы тексерілді

Қазақстан Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, Сорбұлақ көлінде жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстары он күннен бері жүргізіліп жатыр. Қазірге дейін көл аумағының шамамен 50 пайызы тексерілген.

Іздестіру операциясына Қорғаныс министрлігі жетекшілік етуде. Ал Төтенше жағдайлар министрлігі қажетті арнайы техниканы қамтамасыз етіп отыр.

Тұрсынбаевтың сөзінше, көлдің тереңдігі 5-тен 25 метрге дейін жетеді, бұл іздеу жұмыстарын қиындатып тұр.

Құтқару шаралары жалғасып жатыр.