АҚШ-та ұшақ апатынан 4 адам қаза тапты
Аризона штатында медициналық ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды newsroom.kz
Қайғылы жағдай Чинл қаласының маңында болған. Полицияның мәліметінше, шағын ұшақ жақын маңдағы ауруханаға пациентті алып кетуге бара жатқан кезде апатқа ұшыраған.
“Ұлттық көліктегі қауіпсіздік кеңесінің деректеріне сәйкес, ұшақ Beechcraft 300 компаниясына тиесілі”, – делінген хабарламада.
Полиция өкілдерінің айтуынша, апаттың себебі әзірге белгісіз.