Қызғаныштан аттым: Берденов ісінде күдікті осылай депті
Руслан Берденовке шабуыл жасады деп айыпталып отырған Ернар Жиенбай сотта оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Ол аңшылық мылтықтан атуының мақсаты — қорқыту болғанын, өлтіру ойында болмағанын айтты. Сондықтан “кісі өлтіруге оқталды” деген айыппен келіспейтінін жеткізді.
«Кінәмді мойындаймын. Бұған қызғаныш себеп болды. Бұл — менің ар-ұятыммен байланысты нәрсе. Мұның жұмысқа еш қатысы жоқ», — деді Жиенбай сотта.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор шабуылдың себебі Жиенбайдың өзіне қатысты жұмыстан шығару жөніндегі әңгімені естіп қойғаны болуы мүмкін екенін айтқан еді.