Жаңалықтар

Түркістанда 90 жылдық тарихы бар ауыл клубы өртеніп кетті

Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылында 1938 жылы салынған мәдениет үйін өрт шалды. Төтенше жағдай кезінде ғимараттың шатыры жанып, тілсіз жау 600 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар дер кезінде жетіп, өртті толық сөндірді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 21 маманы мен 6 техникасы, сондай-ақ жергілікті әкімдік тарапынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.