Бір күн ерте келіп алған жолаушы Qazaq Air рейсін 2,5 сағатқа кешіктірді
4 тамыз күні Алматыдан Астанаға ұшуы тиіс Qazaq Air рейсі (23:55) белгіленген уақыттан екі жарым сағаттан астам уақытқа кешікті. Себеп – өте "ұқыпты" жолаушы. Ол әуежайға бір күн бұрын келіп, ұшаққа дейін өтіп кеткен.
Ұшаққа отырған жолаушылар өз орындарына жайғасып болғанда, бортсеріктер артық адам бар екенін байқайды. Ер адам рейс күнін шатастырып алғанын өзі мойындаған, бірақ барлық тексеру мен тіркеуден өтіп, ұшаққа дейін кіріп кеткенін айтыпты.
Нәтижесінде:
- Барлық жолаушылар қайта түсірілді,
- Қайтадан тіркеу және отырғызу жүргізілді,
- Рейс тек келесі күні таңғы 02:15-те ұшты.
Осы оқиға қауіпсіздік жүйесінің осалдығына қатысты сұрақтар туындатты:
бір күн бұрынғы билетпен ұшаққа дейін қалай өтіп кетті? Жүйе қалайша байқамай қалды?
Бір жолаушының қателігі ондаған адамға қолайсыздық тудырды.