Үндістанда тұтас бір ауылды су шайып кетті: 50 адам із-түссіз жоғалды
Үндістанның Уттаркаши қаласында болған су тасқыны тұтас бір ауылды алып кетті, 50-ден астам адам із-түзсіз жоғалды,- деп хабарлайды newsroom.kz
«Жергілікті телеарнада Гималайдағы Уттаркаши қаласында таудан атқылаған су ағындары тау етегіндегі ауылға соғылып, үйлер мен жолды шайып жатқаны көрсетілген», - делінген хабарламада.
Осыдан сәл бұрын аудандық полиция әлеуметтік желідегі X парақшасында жарияланған жазбасында Уттаркашиның Харшил аймағында су деңгейінің көтерілуіне байланысты бүліну ықтималдығы жоғары екенін айтқан. Мамандар тұрғындарды су қоймаларынан аулақ болуға шақырды.