Жалған ақпаратқа құқықтық сауатсыздық кінәлі
Жалған ақпаратқа құқықтық сауатсыздық кінәлі, - деп хабарлайды newsroom.kz
Жалған ақпаратпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның міндеті. Ақпараттың шынайылығын сақтау арқылы біз қоғамдық келісімді, әлеуметтік тұрақтылықты және әрбір азаматтың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.
Құқықтық санасы жоғары адам – өз құқығын біледі, заңды бұзбайды, өзгелердің де құқығын құрметтейді және әділдік үшін күресе алады. Осындай азаматтар көбейген сайын қоғамда заңға құрмет артып, әділеттілік үстемдік құрады. Сондықтан құқықтық сананы көтеру – тек құқықтық сала мамандарының емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі.