weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 маусым, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентке қонақ болып келген 14 жасар баланың мәйіті өзеннен табылды

Шымкентке қонақ болып келген 14 жасар баланың мәйіті өзеннен табылды

Шымкентке қонақ болып келген 14 жасар баланың мәйіті өзеннен табылды
ашық дереккөзі
Шымкентте Бадам өзенінен 14 жастағы баланың мәйіті табылды.​ 31 мамыр күні сағат 16.30 шамасында жасөспірімнің денесін сол маңдағы куәгерлер шығарған, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  KAZ.NUR.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Шымкенттегі Колос аялдамасы маңындағы көпірдің тұсынан мәйіті табылған бала Түркістан облысы Төлеби ауданынан қалаға қонаққа келген екен. Алдын ала болжам бойынша, құтқарушылар 2006 жылы туған бала абайсызда суға құлап кеткен дегенді алға тартуда.  Өйткені өзеннен алып шыққан кезде марқұмның үстінде киімі болған. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасағының​ құрамынан 3 адам, 1 техника, Абай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері, 20 полиция қызметкері, 6 техника, жедел жәрдем бригадасы жұмыс атқарған. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті қала аумағынан өтетін Бадам өзенінде шомылуға болмайтынын ескертуде.​ "Бадам өзенінің тереңдігі суға шомылу маусымы кезінде 50 см-ден аспайды, бұл осы акваторияда көпшілік демалатын орындарды орнатуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан өзенге шомылуға тыйым салынады. Осыған қарамастан қала тұрғындары мен қонақтары қауіпсіздік ережелерін елемейді, бұл қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады. Ауа райының ыстық болуына байланысты тауларда қардың қарқынды еруі жүріп жатыр, сондықтан да​ жазатайым оқиға кезінде Бадам өзенінің тереңдігі 2 м, ені 40 м құраған,"- деп мәлімдеді Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.