Павлодарлықтар түнде иіспен тұншығып ұйықтай «Екінші күн тұншығып жатырмыз! Бір шара қолданыңыздар!» — деп шағымдануда тұрғындар әлеуметтік желіде.
Алайда Павлодар облыстық экология департаменті ешқандай заңбұзушылық жоқ деп отыр. Тұрғындардың шағымынан соң ауа сапасы тексерілген, бірақ қалыптан ауытқу тіркелмеген.
«Қаладағы ауа сапасына бақылау “Қазгидромет” мекемесіне қарасты жеті стационарлық бақылау бекеті арқылы жүргізіледі. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Мәскеу көшесі 12/1, Айманов көшесі 26/1, Ломов көшесі, Қазақправда көшесі, Естай көшесі 54, Затон көшесі 39, Дүйсенов пен Торайғыров көшелерінің қиылысы», — деп хабарлады департамент.
Қазір экологтар ауа құрамын жылжымалы зертхана арқылы тексеріп жатыр. Бірақ нәтижесі әлі дайын емес. Ал ресми дерек болмағандықтан, жергілікті зауыттарға тексеріс жүргізуге заң жолы жоқ. Бұл бизнеске қысым деп қабылдануы мүмкін.