Жаңалықтар

Қазақстан Венгрияға мұнайдың бірінші партиясын экспорттады

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) Венгриядағы мұнай өңдеу зауытына 85 мың тонна көлеміндегі мұнайдың бірінші партиясын экспорттады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Новороссийск портынан Хорватияның Омисаль портына теңіз арқылы тасымалдауды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық тасымалдаушысы (ҚМГ еншілес кәсіпорны) өзінің Алатау танкерімен қамтамасыз етті.

«Одан әрі порттан соңғы бағыт – Венгриядағы Сажаломбатта мұнай өңдеу зауытына дейін тасымалдау Адриатикалық мұнай құбыры арқылы жүзеге асырылады, оны Хорватияның Jadranski naftovod (JANAF) компаниясы басқарады», - делінген хабарламада.

Танкер Хорватияға келгеннен кейін ҚМГ, MOL Group және JANAF өкілдері арасында кездесу өтті. Тараптар одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚМГ мен MOL Group арасында мұнайды болашақта жеткізу туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.