Білім

Өзбекстанда білім алатын шетелдік студенттер саны бойынша ТОП-10 ел

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанға оқу мақсатында жалпы саны 9,5 мың шетел азаматы келген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 мың адамға немесе 17,3%-ға артқан.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында Өзбекстанға оқу мақсатында келген шетел азаматтарының елдер бойынша бөлінісі төмендегідей:

• Үндістан – 2 780 адам;

• Түрікменстан – 2 622 адам;

• Тәжікстан – 1 145 адам;

• Қытай – 459 адам;

• Оңтүстік Корея – 381 адам;

• Пәкістан – 348 адам;

• Қырғыз Республикасы – 263 адам;

• АҚШ – 232 адам;

• Ауғанстан – 167 адам;

• Түркия – 161 адам;

• Басқа елдер – 988 адам.